10 қаң, 2022 сағат 14:33

Нұр-Сұлтанда ҰҚК полковнигі өлі табылды


Нұр-Сұлтанда ҰҚК полковнигі өлі табылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтанда өз үйінің ауласында ҰҚК полковнигі Азамат Ибраевтың денесі табылды", - делінген хабарламада.

Дерек Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы Полиция департаменті бөліміне 10 қаңтарда тіркелген. Соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.