12 қыр, 2021 сағат 12:09

Нұр-Сұлтанда футбол матчы жаппай төбелеспен аяқталды – видео


Нұр-Сұлтанда футболшылар арасында жаппай төбелес болды. Салдарынан бір ойыншының басынан қатты соққы кеп, ол есінен танып қалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

AFL (Astana Fytbol Ligasy) ресми сайтындағы видео мен ақпаратқа қарағанда, бұл 11 қыркүйекте SanSet пен "Барыс" арасындағы матчта болған. Ойын "Жазғы біріншілік - 2 - 2021" турнирінің төртінші лигасы аясында өткен. 

"Барыс" барлық ойында 0:5 есебімен жеңілген, SanSet-ке қарсы матчта да сондай нәтиже тіркелген.