«Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының құрамына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" партияның ресми сайтына сілтеме жасап.
"Кеше партияның Саяси кеңесінің қаулысымен (Жарғының 9.4. тармағына сәйкес) «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының жаңа құрамы бекітілді" - делінген хабарламада.
Саяси кеңес Бюросының жаңа құрамы:
- Қасым-Жомарт Тоқаев - Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы;
- Мәулен Әшімбаев - Парламент Сенатының төрағасы;
- Ерлан Қошанов - Президент Әкімшілігінің басшысы;
- Ерлан Саиров – Мәжіліс депутаты;
- Дархан Қыдырәлі - "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы;
- Аббат Өрісбаев - Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты;
- Ләззат Қалтаева - Сенат депутаты;
- Геннадий Зенченко - "Зенченко және К" КТ директоры;
- Элина Паули - "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары.