«Nur Otan»-ның өңірлік саяси кеңестері отырыстарының қорытындысы бойынша (Жарғының 8.3.1. тармағына сәйкес) партияның 28 қаңтардағы кезектен тыс XXI Съезіне 399 делегат сайланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Еске сала кетейік, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавируске байланысты шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн-форматта өтеді.