«Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы бойынша сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Масат Берік, «Nur Otan» партиясынан Жамбыл аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Нұрсұлтан Сматов пен Раимбек Сеитов Айша бибі ауылында ауыл шаруашылығысаласы өкілдерінің үйінде қонақта болып қайтты.
Аймақ экономикасында ауыл шаруашылығы қозғаушы сала екені баршаға белгілі. Сондықтан да саланы одан әрі дамыту, ондағы өзекті мәселелерді шешу «Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы бойынша 5 жылдық сайлауалды бағдарламасының ең негізгі бағытына жатады.
– «Nur Otan» партиясы 2022 жылға дейін 7 жаңа су қоймасын салуға ықпал етеді. Нәтижесінде облыс аумағында 34,5 мың га суармалы жер қайта қалпына келтіріледі. Жалпы ағын су арналарын жетілдіру Суармалы жерлердің көлемін 177 мың гектардан 182,4 мың гектарға дейін арттыруға мүмкіндік бермек.
2025 жылға дейін ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңы 25 мың гектарға ұлғайып, мал саны 110 мыңға өсетін болады. Жергілікті шаруалардың сыртқы өткізу нарығы дамып, жамбылдық шаруалардың өнімі көрші мемлекеттермен бірге Германия, Нидерланды, Жапония, Иран, Бахрейн, Кувейт сынды елдерге экспортталады. Шетел нарығын қамтамасыз етумен бірге өңір тұрғындарының сұранысын қамтамасыз етуде Жыл сайынғы жәрмеңкелер ұйымдастыруға, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша апта сайын мониторинг жүргізуге, әлеуметтік павильондарды ұлғайтуға мән беріледі, – деді кандидат Нұрсұлтан Сматов.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өз тараптарынан партияның мұрындық болуымен атқарылған жұмыстарға разылығын білдіріп, алдағы нақты жоспарларын іске асыру үшін «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндіктерін айтты.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді