1984 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алған архиепископ Десмонт Туту 91 жасында Кейптаун госпиталінде қайтыс болды. Бұл жөнінде Оңтүстік Африка республикасының президенті Сирил Рамафоса хабарлады.
"Ұлтымыз азат Оңтүстік Африканы аманатқа қалдырған ұлы қайраткермен қоштасады" дейді президент ресми сайтында.
Туту — 1940-1994 жылдар аралығында Оңтүстік Африкада орнаған азшылық ақ нәсілділер билігінің режимімен күресте аты шыққан қайраткер. Йоханнесбургте педагогиканы оқыған ол мектепте мұғалім болып жұмыс істеген.
1960 жылы дін жолына түсіп, 1978 жылдан Оңтүстік Африка шіркеулері кеңесінің бас хатшысы қызметін атқарған.
