Фото: ашық дереккөз
Тәуелділік төлемдерін заңсыз алу фактілерінің алдын алу мақсатында сот арқылы өзін саяси қуғын-сүргін құрбаны ретінде мойындату тәжірибесіне шектеу қойылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Прокуратура мәліметінше, биыл 5 азамат сотқа жүгініп, өздерін саяси қуғын-сүргін құрбандарының санатына қосуды сұраған.
Алайда қалалық сотпен бірлесіп жүргізілген тексеру барысында, оның ішінде мұрағаттық құжаттар зерделеніп, бұл тұлғалардың аталған санатқа жатпайтыны анықталған.
Нәтижесінде сот елорда прокуратурасының өтініші негізінде азаматтарды саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танудан бас тартты.
Құзырлы органдар мұндай шешімдердің негізгі мақсаты — негізсіз өтемақы алу әрекеттерінің жолын кесу екенін атап өтті.
