Парламент Мәжілісі ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік Кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуін тоқтататын конституциялық заңнамаға түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» және «ҚР Қауіпсіздік Кеңесі туралы» заңдарына тиісті түзету енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы басқарады деген, екіншісінде Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы да Президент болады деген түзету қамтылды», - деді Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева.
Осы орайда депутат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңнамадағы өзгеріске тоқтала келе, Елбасының аталған екі ұйымды басқару құқығы алынып тасталғанын және өзге құқықтары сақталғанын жеткізді.
«Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы туралы түзетуді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті енгізді... Заңнаманы қазіргі шешімдерге сәйкес келтіру керек. Біздің комитет заң сапасына жауапты», - деді Имашева.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Қанат Нұров Парламент Мәжілісі «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңға түзетулер енгізіп, Сенатқа жолдағанын айтқан еді.