Мәжілісте Бақытгүл Хаменова деген депутат бар екенін көпшілік біліп қалған.
Сол депутат тағы да көзге түсті. Ол парламент палаталарының бірлескен отырысында Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін ҚР Конституциясына енгізуді ұсынды, дейді Today.kz.
Мәжіліс депутаты
«Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Мемлекет басшысының айрықша рөлін Ата Заңға жазып қою идеясын халық жаппай қолдап отыр»,
деген сенімін жасырмай айтты.
«Елбасының баға жетпейтін ерекше рөлін Ата Заңға енгізуді өте қажет деп санаймын. Мемлекеттік тәуелсіздік сияқты еліміздің ұмытылмайтын құндылықтары туралы Конституциядағы 91 баптың екінші пунктіне Тәуелсіз Қазақстанның Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесін де енгізуді ұсынамын»,
– деп саңқылдап сөйлеп тастады Хаменова.