16 сәу, 2018 сағат 11:54

Назарбаев жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері бойынша құжатқа қол қойды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері бойынша құжатқа өзгертулер енгізді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту жүйесін және көші-қон процестерін реттеуді жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.