27 сәу, 2018 сағат 17:01

Назарбаев жаңа тағайындаулар жүргізді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның үш мемлекеттегі жаңа елшілері тағайындалды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Президенттің Жарлығымен, Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Осыған байланысты ол Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Сондай-ақ Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалып, Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Ал Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.