06 нау, 2017 сағат 12:05

Назарбаев түзетулер туралы заңды Конституциялық Кеңеске жіберді

Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы" заң Конституциялық Кеңеске жіберілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

2017 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдап, Мемлекет басшысына қол қою үшін ұсынды.

"Конституцияның 72-бабына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев аталған заңды мемлекеттің қызмет қағидаттары мен басқару нысанына негізделген, Конституцияда белгіленген құндылықтарға сәйкестігі тұрғысынан қарастыру үшін Конституциялық Кеңеске өтініш білдірді", - делінген Президенттің сайтында.