ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысу үшін Түрікменбашы қаласына келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысуы, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуі жоспарланып отыр.