Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстан Президенті 2017 жылғы 26-27 желтоқсанда ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады», делінген хабарламада.
Жиынға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері қатыспақ.