Астана көшелеріне орнатылған «Сергек» бейнебақылау камераларының басым бөлігі жұмыс істемейді. Бұл туралы елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әкім (елорда басшысы - Әсет Исекешев) «Астана - ақылды қала» деп барлығын ретімен айтып берді. «Сергекті» бақылауға алып, қарап шыққанда 200 бейнебақылау камерасының тек 29-ы ғана жұмыс істейтіндігі анықталды. Мақтандыңдар, бірақ нәтиже жоқ», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы қалада жол-көлік оқиғасы және тағы басқа да мәселелер бойынша оң нәтиже бар екендігін атап өтті.
«Бірақ 200 бейнебақылау камерасы болса, онда оның барлығы да жұмыс істеуі тиіс», - деп ескертті Нұрсұлтан Назарбаев.