25 жел, 2017 сағат 13:42

Назарбаев Салық кодексіне қол қойды

Нұрсұлтан Назарбаев Салық кодексіне қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы салық заңнамасын жетілдіруге бағытталған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды", - делінген Президент сайтында.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңға қол қойғаны айтылады.