09 ақп, 2018 сағат 09:49

Назарбаев Сағынтаевқа: Баяндамаң жақсы, бірақ ішінде сыни көзқарас жоқ

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген Үкімет отырысы өтіп жатыр. Премьер-министр Қазақстанның 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары туралы баяндама жасап, Жолдаудың қалай орындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Президент Бақытжан Сағынтаевтан «соңғы Жолдауды орындау бойынша не істедіңдер?» - деп сұрады.

«Соңғы Жолдау нәтижесі бойынша Үкіметте жалпы ұлттық бағдарлама қабылданды. Сала-сала бойынша көрсетілген 10 міндетке сәйкес әр министрлікке тапсырмалар берілді. Индикаторлар қойылды. Жылдың соңына дейін тапсырмалар орындалатын болады», - деп жауап берді Бақытжан Сағынтаев.

Мемлекет басшысы премьер-министрдің баяндамасына «жақсы баяндадың, бірақ самокритика жоқ» деп баға берді.