Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумына қатысу үшін Челябинск қаласына келді.
Сондай-ақ, сапар аясында Мемлекет басшысының Ресей Президенті В.Путинмен кездесуі жоспарланып отыр.