Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қос мемлекет басшысы өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан Президенті Сирияда ИЛ-20 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан Ресей әскери қызметшілерінің қаза табуына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты.
Көшбасшылар алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде Тәжікстанда өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысына дайындық барысын қарастырды.