Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында Ресей Үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы және Еуразиялық интеграцияны дамытудағы тарихи рөлін жоғары бағалаған.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев алдағы уақытта тұрақты байланыстарды жалғастыра беруге уағдаласқан.