17 там, 2020 сағат 16:10

Назарбаев «Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының отырысын шақыру туралы Қаулыға қол қойды

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының отырысын шақыру туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында: «Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының отырысын 2020 жылғы 24 тамызда шақыру туралы Қаулыға қол қойды», - деп жазды.