09 ақп, 2018 сағат 11:41

Назарбаев "мін таппаса да, тегін ас ішуге құмар" тексерушілерді сынға алды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бизнес тексерулерді жүргізетін органдардың қызметкерлерін сынға алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы елдегі бизнесті дамыту шаралары туралы айтып берді. Мұнымен қатар, ол бизнесті тексеруді цифрландыру мәселелеріне тоқталды.

«Жаппай тексеру көлемін азайттық және тексерудің сапасын арттыра түсетін ақылды тексеру жүйелерін енгіземіз. Бұл цифрландыру мәселесіне қатысты айтылып отыр», - дейді Абылай Мырзахметов.

Елбасы бизнес тексерулерді жүргізетін органдардың қызметкерлерін сынға алды.

«Әр отырыс сайын осы нәрсе қанша рет айтылды?! Барлығы міндетті түрде барып тексеруге құмар. Өрт сөндіруші келіп тексереді де, ешнәрсе таппаса да, мейрамханада тегін тамақ ішіп кетеді», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Абылай Мырзахметов өз кезегінде тексеру кезіндегі ереже бұзу жағдайларының аз тіркелгенін айтып өтті.

«Өткен жылдан бастап, биыл да өзін-өзі бағыттау жүйесін енгізуді бастап кеттік. Яғни сіздің тапсырмаңызбен тексеруді сақтандыру органдары немесе ассоциациялар жүргізе алады. Кәсіпорындар дербес ұйым болып бірігіп, өздерінің стандарттарына сәйкес, мемлекеттің орнына тексеру жұмыстарын жүргізеді. Оның үстіне бізде мұндай тәжірибе де бар», - дейді Мырзахметов.