10 там, 2018 сағат 17:07

Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

Елбасы Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Ақтау қаласына келген соң қала нысандарын аралап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңеске қатысады.

Сонымен қатар, сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың мультимодальды Құрық портының таныстырылым рәсіміне және Бесінші Каспий саммитіне қатысуы, сондай-ақ жоғары деңгейде бірқатар екі жақты кездесулер өткізуі жоспарланып отыр.