07 ақп, 2018 сағат 16:22

Назарбаев қырғыз басшысымен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін, сондай-ақ екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылын талқылады.

Мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ, тараптар алдағы кездесулер кестесін қарастырды.