Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкілеттігін ұзартты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2021 жылғы 20 мамырды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды", - делінген Ақорданың хабарламасында.