Нұрсұлтан Назарбаев «Коч Холдинг» компаниясы басқармасының төрағасы Али Йылдырым Кочпен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.
«Коч Холдинг» компаниясы басқармасының төрағасы қорғаныс өнеркәсібіндегі және экономиканың басқа да өндіріс салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытты.