Қазақстанның Ауғанстандағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне Әлімхан Есенгелдиев тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Әлімхан Оңғарұлы Есенгелдиев Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін бұл лауазымды Өміртай Бітімов атқарған болатын. Ол Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды.