23 жел, 2020 сағат 13:10

Назарбаев қазақстандық бизнесменге орден табыс етті

Нұрсұлтан Назарбаев «BSB» Қаржы-өнеркәсіп корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті Рашит Сарсеновке «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті орденді тапсыра отырып, отандық бизнесменнің елімізді дамыту және өркендету ісіндегі еңбегін ерекше атап өтті», - делінген Елбасы сайтында.

Рашит Темірболатұлы Сәрсенов – қазақстандық кәсіпкер. 1949 жылы Көкшетауда туған.

1992 жылдан бері "BSB" корпорациясының президенті.

Forbes Kazakhstan рейтингі бойынша ол Қазақстанның 50 бай бизнесменінің қатарына кіреді. 2020 жылдың қазанында оның дәулеті 632 миллион долларға бағаланды.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Сәрсеновке "Нұрбанк" АҚ акцияларының 85%-і, "Виктория" сақтандыру компаниясының 100%-і және Helios жанар-жағармай құю станциялары желісі тиесілі.