19 мау, 2018 сағат 13:17

Назарбаев: Бүкіл заң Конституция нормаларына сәйкес келуге тиіс

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қайрат Мәми Нұрсұлтан Назарбаевқа  конституциялық реформаның жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ Конституциялық Кеңес қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады.

Қазақстан Президенті Конституциялық Кеңестің Ата заң үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган екеніне тоқталып, оның әлеуетін одан әрі арттыра түсу қажеттігіне назар аударды.

"Парламенттің, еліміздегі мемлекеттік органдардың қабылдаған бүкіл заңдары мен нормативтік құқықтық актілері Конституция ережелеріне және нормаларына толық сәйкес келуге тиіс", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге дайындық барысы жөнінде мәлімдеді.