29 мам, 2021 сағат 00:25

Найзағай, бұршақ: 5 өңірде ескерту жарияланды


«Қазгидромет» РМК 29 мамыр күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с жетеді. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Сондай-ақ өте жоғары өрт қаупі болжанады. 

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. 

29-30 мамырда Қарағанды облысында желдің күші шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20 м/с артады. Күндіз 30 мамырда жекелеген аумақтарда найзағай күтіледі.

Күндіз 29-30, тәулік бойы 31 мамырда Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болжанады. 29-31 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 29-31 мамырда 38 градусқа дейін қатты ыстық болады.