14 қар, 2022 сағат 09:37

Наурыздан бері Ресейден қанша этникалық қазақ келді?


Ішкі істер министрлігі 1 наурыздан бастап тұрақты тұруға өтініш берген этникалық қазақтар санын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ІІМ мәліметінше, 2022 жылғы 1 наурыздан 1 қарашаға дейін тұрақты тұруға ықтиярхат 3999 этникалық қазаққа берілген. Олардың көбі Өзбекстаннан көшіп келген - 2267 адам. Екінші орында Ресей тұр, Ресейден 773 адам келген. Одан кейін - Моңғолия (328), ҚХР (297), Түрікменстан (172), Қырғызстан (39).

Ірі қалаларға, соның ішінде Шымкентке - 785, Түркістан облысына - 715, Астанаға - 702, Маңғыстауға - 608, Алматы облысына - 526, Алматыға 326 адам қоныстанған.

Айта кетейік, ІІМ мәліметі бойынша, мобилизация басталғалы бері Қазақстанға 200 мыңнан аса Ресей азаматы келген.

Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресей Президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялаған еді. Сондықтан ресейліктер басқа елдерге көшкен болатын.