16 нау, 2026 сағат 15:31

Наурыз мейрамында 11 мың домбырашы Қазақстан рекордтар кітабына жаңа жетістік енгізбек

Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Наурыз мерекесін атап өту аясында Алматы қаласы Білім басқармасы «Домбыра үні» атты ауқымды акция ұйымдастырады, деп хабарлайды Ult.kz.

Қаланың 6-10 сынып оқушыларынан құралған 11 000 жас домбырашы бір мезетте күй орындап, ұлттық өнердің құдіретін паш етеді.

Бұл бастама Қазақстанда ұлттық аспапта бір мезетте күй орындаған ең ірі музыкалық шаралардың бірі болмақ. 

Ауқымды шара17 наурызда 13:00-де "Алматы Арена" спорт кешенінде өтетін болады.