29 жел, 2017 сағат 19:06

Наталья Пан әділет вице-министрі болып тағайындалды

Наталья Пан Қазақстанның әділет вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі болып Пан Наталья Виссарионовна тағайындалды", - делінген хабарламада.

2016 жылғы 8 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Наталья Пан ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары департаментінің директоры болып жұмыс істеген.

Бұрынғы вице-министр Зәуреш Баймолдинаны Парламент Мәжілісінің депутаттары ОСК мүшесі етіп сайлаған болатын.