НАСА Күн жүйесіне жақын кеңістіктен өлшемі Жер шарына сәйкес келетін 7 жаңа ғаламшар табылғанын жариялады, деп жазады ВВС. Олар TRAPPIST-1 қызыл жұлдызының орбитасынан табылған және 7 ғаламшардың үшеуі өмір сүру үшін қолайлы болуы мүмкін. Бұл туралы "Егемен Қазақстан" жазды.
Ғалымдардың айтуынша, онда судың сұйық күйінде сақталуына мүмкіндік бар. Жер шарынан ғаламшарлардың ұзақтығын салыстырып көрсету үшін ғалымдар оларға ұшақпен ұшып бару үшін 49 млн жыл уақыт кетеді деп отыр.
«Ғаламшарлардың барлығы бір-біріне және Айға ұқсайтын Юпитерге жақын орналасқан», дейді астроном Мишель Гийон. Астрономның айтуынша, бұл экзопланеталар «Спитцер» атты телескоп арқылы табылған.
ВВС-дің ғылым саласы бойынша шолушысы Дэвид Шукманның айтуынша, НАСА осы күнге дейін 3449 ғаламшар анықтаған. Оның айтуынша, мәселе олардың санында емес, көпшілігінің Жерге ұқсастығында екен. Ал жоғарыда аталған TRAPPIST-1 жұлдызы — кішкентай әрі жарық емес. Яғни, оны телескоппен көру қиынға соғады. Сарапшының айтуынша, НАСА-ның жаңалығы әлі басы ғана. Себебі енді ғалымдар онда кислород пен метан секілді газдардың бар-жоғын анықтауы керек.
Ал НАСА-ның ғылыми миссиялар бөлімі басшысының орынбасары Томас Цурбюхен Вашингтондағы баспасөз конференциясында екінші Жер табылады ма деп емес, ол қашан табылады деген сұраққа баса назар аудару керек деп отыр.