коллаж: Tengrinews.kz
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасында басқарма төрағасының міндетін атқарушы және төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды. Ақпаратты ҰКП баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Нариман Әбілшайықов Ұлттық кәсіпкерлер палатасында басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Әбілшайықов басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған.
ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Алматы қаласы әкімінің экс-орынбасары Мақсат Кикимов келді.
11 ақпанда Мақсат Кикимовтің Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кететіні белгілі болды. Ол қалалық әкімшілікте 10 жыл қызмет атқарған.