© Sputnik / Абзал Калиев
Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев сұйытылған мұнай газының нарығын электронды сауда алаңына көшіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қажетті деңгейде жүргізілмегенін мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл жолы мен Жаңаөзенде болған жоқпын. Бірақ бұған дейін Жаңаөзенде бірнеше рет болғанмын. Кеше вице-министр дереу сол жаққа аттанды. Ол сол жерде кездесулер өткізіп, зауыт басшылығымен, желі иелерімен жұмыс істеп жатыр. Мен өз жауапкершілігімді сезінемін. Ондай жауапкершілікті сезінбесем, Энергетика министрі ретінде қалай жұмыс істей аламын? Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қажетті деңгейде жүргізілмеген шығар» - деді министр.
Сондай-ақ ол сұйытылған газ бағасын элтектронды сауда алаңына шығару реформасы 2018 жылы басталғанын, біртіндеп ырықтандыру үш жыл көлемінде жүргенін атап өтті.
«Мен бұл министрлікті басқарғаныма 3,5 ай болса да, өзімнің жауапкершілігімді толықтай түсініп отырмын», - деді ведомство басшысы.