13 нау, 2020 сағат 10:00

Мусин ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Бағдат Мусин ҚР Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды» делінген хабарламада.

Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысында дүниеге келді. Сүлеймен Демирел атындағы университетті, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

2011 және 2012 жылдар аралығында ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болды. 

2012 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды. 

2014 жылдың сәуірінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

2017 жылы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Оған дейін «Қазпочта» АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарды.