Біріккен Араб Әмірліктерінен Мұхтар Әбілязовтың сыбайласы экстрадицияланды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен БТА Банкінің бұрынғы басқарушы директоры Рустам Ибрагимовты Қазақстанға экстрадициялады.
Ибрагимов БТА Банкінің 250 млн АҚШ доллары қаражатын Мұхтар Әбілязовтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерімен бірлесіп жасаған ұрлығы үшін іздеуде болған.
Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында ол, БАӘ-де Қырғызстан азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып жасырынған.
Алайда, қазақстандық құқық қорғау органдарының араб және қырғыз әріптестерімен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде, сондай-ақ БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің көмегімен жоғарыда аталған төлқұжат заңсыз деп танылып, қылмыскер ұсталып Қазақстан Республикасына экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта Ибрагимов Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды.