04 қаз, 2021 сағат 14:44

Мұхаммед пайғамбар карикатурасының авторы жол апатынан өлді


Швед суретшісі, Мұхаммед пайғамбар карикатурасының авторы Ларс Вилкс жексенбіде Швецияда жол апатынан өлді. Швед баспасөзінің мағлұматына қарағанда, 75 жастағы суретші мініп келе жатқан мәшине жүк көлігімен соғысқан. Суретші мен оны күзетіп жүрген екі полицей өліп, жүк көлігінің жүргізушісі ауыр жараланған.

2007 жылы Мұхаммед пайғамбар карикатурасын салып, "ислам жауларының" тізіміне енгелі Ларс Вилкс полиция күзетімен жүрді.

Швед және дат газеттерінде жарияланған карикатура әлемнің көптеген елдерінің мұсылмандарын ызаландырды. Вилкске қоқан-лоққы көбейді. "Әл Қаида" террор ұйымы карикатураны салған суретшіні өлтірген адамға 100 мың доллар беретінін жариялады.

2010 жылы екі адам суретшінің Швециядағы үйін өртемек болды. Университеттердің бірінде лекция оқып тұрғанында студенттердің бірі оған пышақ салып, жеңіл жаралаған. АҚШ-та "Вилксті өлтірмекке уағдаласты" деген айыппен Колин Ларуз 10 жылға бостандығынан айырылған.

2015 жылы Ларс Вилкстің карикатруасын жариялаған сатриалық Charlie Hebdo журналына шабуыл жасалып, 12 адам өлді.

Барша қоқан-лоққыға қарамастан Вилкс "сөз бостандығы бар адам құқығынан құнды нәрсе жоқ" деп бірнеше рет мәлімдеген.