Өзбектің белгілі ақыны әрі саяси қайраткері Мұхаммад Салих қазақстандықтарға латын әліпбиіне өту жайында үндеу жасап, оның барысында "өзбек қателігін" жібермеуге тырысуға шақырды. Өз кеңестерін ол ZonaKZ интернет-газетіне берген сұхбатында айтты.
Саясаткер өзбек мамандарының қателігі бар әліпби қабылдап, қателікке бой алдырғанын ескертті. Бұл әсіресе бірнеше әріпті енгізуде болыпты. Оның айтуынша, әліпбиді толықтай қабылдау алдында барлық лингвистикалық проблеманы жойып алу керек.
"Эврика" газетінің мәліметінше, Өзбекстан латын әліпбиіне 1920 жылдан бері әлі көшіп жатыр. Алайда 2015 жылдың өзінде латын әліпбиі өзбек қоғамының барлық қолданыс саласына енгізілмеген. Латынға білім беру мен іс жүргізу салалары ішінара өткізіліпті. Баспасөз БАҚ-тары болса әлі де кирилл қарпін қолданады, ал телевизияда кирилл мен латын қатар қолданылады екен. 97 жыл ішінде Өзбекстан латынға толықтай көшіп біте алмаған.
Ташкенттік журналист Владимир Березовскийдің айтуынша, әліпби ауыстырғаннан кейін өзбек халқы сауатсыздыққа бой ұрған. Ал жергілікті зиялы қауым билікті өзбек тілін қорлады деп айыптаған. Мұның кесірінен халық рухани тамырынан және қолжазба естеліктерінен айырылған.
Кейде кирилл қаріптерімен жазылатын орыс тіліндегі сөздерді латынға аударғанда бажайлап тұратын қателіктер болады. Мысалы, "цех" сөзі өзбектің латынымен жазса "sex" болады. Салдарынан Өзбекстанда "Kolbasa Sexi" сияқты жарнамаларды оқуға болады.
Латынға 1993 жылы көшкен Түрікменстан әлі күнге бұл процесті аяқтай алмаған. "2000 жылдар бері ресми құжаттар тиолықтай латын графикасына көшіріле бастады. Халықтың басым көпшілігі, әсіресе аға буын өкілдері қатты қиналды. Бізде ликбез процесі болмады. Қазірдің өзінде халықтың 30-40 пайызы латын әліпбиін білмейді", - дейді түрікмен жазушысы Аманмұрад Бугаев.
Ал Польшада латынға көшу процесі екі ғасырға жуық уақытты алған, сондықтан филологтар жаңа графиканы тіл фонетикасына бейімдеу үшін жаңа әріптерді жасауға мәжбүр болған.
Қарағандылық "Наша Ярмарка" басылымы кейбір қазақ есімдері ұсынылып отырған латын әліпбиінде қалай жазылатынын еске салып отыр:
Әйгерім - Aejgerim, Әсел - Aesel, Ләйлә - Laejlae, Мәлік - Maeliк, Кәмилә - Кaemilae
"Ғ" әрпі бар есімдерді енді "gh" әріптері арқылы жазылады: Ғани - Ghani, Нағима - Naghima, Сағындық - Saghyndyq
"Й" әрпі "j" деп таңбаланады: Абылай - Abylaj, Ертай - Ertaj, Айбек - Ajbek, Абай - Abaj
"Ң" әрпі енді "ng" әріптері арқылы жазылады: Іңкәр - Ingkaer, Өркен - Oerken
Дауысты "у" орнына дауыссыз "w" әрпі қолданылады: Қуаныш - Qwanysh, Зәуре - Zaewre, Айсұлу - Ajsulw, Күнсұлу - Кuensulw.
"Ал әлеуметтік желілерде қазақстандықтар балаға ат қойғанда екі мәрте ойлануы керектігін жазып жатыр, себебі дыбысталуы мен жазылуында біртүрлі болмауы керек", - деп жазады басылым.