Мүгедектердің жұмыспен қамтылуы оларға материалдық қажеттілік қана емес, сондай-ақ қоғаммен байланысу, әлеуметтік ортаға бейімделу тұрғысынан да маңызды. Қазақстанда мүгедектерді жұмыспен қамтуға мемлекет қаншалықты назар аударып отырғанын сандар мен көрсеткіштер арқылы білуге болады.
Жұмыс орындарын квоталау шеңберінде
үстіміздегі жылы 8 мыңнан аса адам жұмысқа орналасқан.
Өткен жылғы
көрсеткіш бойынша Қазақстанда шамамен 752 мың
мүмкіндігі шектеулі адам бар болса, олардың 413,7 мыңы еңбекке қабілетті екен.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша мұндай
адамдардың 110,8 мыңы, яғни 30%-ы жұмыспен қамтылған.
Мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту
бойынша елімізде Ұлытау облысы көш бастап тұр. Ұлытауда мүгедектердің 44,5
пайызы жұмыспен қамтылған, ал Қарағандыда 38,5пайыз мүмкіндігі шектеулі адам
жұмыспен қамтылып екінші орында екен.Сонымен қатар еліміздегі жұмысқа белсене
араласып жүрген мүгедектердің саны бойынша Астана қаласы үштікке кірген.
Олардың саны 38 пайызды құрайды.Түркістан, Жамбыл және Абай облыстары көш
соңында екен.
Тиісті
министрліктің дерегінше мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыспен қамтудың цифрлық қызметі енгізіледі. Бұл қызмет азаматтарды жұмыспен
қамтығанға дейін проактивті сүйемелдейтін болады.
Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылдан бастап 17 мыңға жуық мүгедектігі
бар адамдарды квотамен қамтуды жоспарлап отыр. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 2
есе көп.
