18 қаз, 2017 сағат 06:49

М.Тоқмадидың туыстары бар шындықты жайып салды

Атап айтқанда, Мұратханның жиені – Бекен Иманқалиев өз туыс ағасының қылмыс әлемімен байланыстары туралы ашық айтты. Ол Мұратханның «Рахат», «Ялян» базарында билік жүргізіп, саудагерлерден «алым» жинаған. Кезінде Мұратхан Тоқмади қытай азаматын да «есептегішке» отырғызуға әрекет жасайды. Тек дипломатиялық күштердің араласуы нәтижесінде жанжал ушыққан жоқ. Өзінің туысы ағасы орға итерген соң, Бекен Иманқалиев бар шындықты жайы салды.

Деректі фильмде көрсетілген ауладан табылған тапаншаны Бекен Мұратханның тапсырмасы бойынша жасырған. Алайда Мұратхан қамауға алынғаннан кейін бар кінәні өзінің жиеніне арта салған.

Атап айтарлығы, Мұратханның әйелі – Жәмила Айымбетова-Тоқмади күйеуі ұсталған соң шетелге қашып, әлеуметтік желілер арқылы: «Менің күйеуіме жазықсыз жала жабылды. Уақытша абақтыда қысым көрсетіп жатыр» деп шулатпақ болғаны белгілі. Алайда Мұратханмен апта сайын кездесіп, хал-жағдайын біліп жүрген апасы – Үміт Тоқмади Жәмиланың өтірік «айқайын» әшкерелеп берді.

Үміт Тоқмади былай деді: «Мұратханға ешқандай қысым жасалған жоқ. Онымен апта сайын кездесеміз. Барлық іс-шаралар заң шеңберінде өтіп жатыр. Мұратханның қалы жаман емес». Ал өзінің қылмысы үшін өкініп, бар кінәсін мойнына алған Мұратханның өзі: «Менің әйелімді біреулер әдейі адастырып отыр» деп мәлімдеді.