18 мау, 2019 сағат 09:20

Митингте 300-ден астам полиция қызметкері түрлі жарақат алған

9-12 маусым аралығында еліміздің бірқатар өңірінде өткен митингтерде 300-ден астам полиция қызметкері түрлі жарақат алған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Акцияға қатысуышаларға прокуратура қызметкерлері бейбіт митингілер, жиналыстар мен шерулер өткізу тәртібі туралы заң ережелері түсіндірілген. Сондай-ақ санкцияланбаған митингілер ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік туралы ақпараттар берілген.

"Жекелеген адамдар әкімдіктер мен прокуратура өкілдерінің заңды талаптарына бағынбай, өзге азаматтардың тыныштығы мен өміріне, денсаулығына қауіп төндірді, құқықтық тәртіпті қорғаған полиция қызметкерлеріне қарсы келді. Осыған байланысты полицияның және Ұлттық ұланның күшімен қоғамдық тыныштығы мен азаматтарды қорғауға бағытталған шаралар қабылданды. Құқық бұзушылар полицияға  әкелінді және сот тәртібімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды" делінген хабарламада.

Құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде арнайы құралдар пайдаланылған.

"Барлық іс-шаралар заңға сәйкес жүргізілді, тәртіп сақшылары азаматтармен ара-қатынаста өздерін барынша әдепті ұстады. Сонымен бірге акцияның жолын кесу кезінде 300-ден астам полиция қызметкері түрлі жарақат алды, бесеуіне медициналық көмек болды" дейді Қазақстан Республикасы ІІМ.

Наразылардың бұрышты баллон қолдануы салдарынан жедел ден қою арнайы жасағы қызметкерінің екі көзін күйік шалған.

Басына тас тиген қызметкердің миы шайқалған және бас жарақаты диагнозымен медициналық мекемеге жеткізілген. Қызметкер бұл дене жарақатын Нұр-Сұлтан қаласындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде алған.

Сонымен қатар түнде Алматы қаласында заңсыз акцияға көліктерімен қатысқандар жол қозғалысын реттемек болған полицция қызметкерін қағып кеткен. Дәрігерлер оның аяғы сынғанын анықтады.

Ішкі істер органдары бұдан әрі де қоғамдық тәртіпті бұзушылықтардың жолын кесу, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде заңда көзделген барлық шараларды қабылдамақ.