11 мау, 2023 сағат 17:18

Министрлік пен тиісті органдар апаттың ауқымы бойынша қате болжам жасаған - Тоқаев

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Семей орманындағы өрттен қаза тапқан орманшылардың отбасы мүшелерімен кездесуде кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Министрлік және басқа да тиісті органдар апаттың ауқымы бойынша қате болжам жасаған.

Шұғыл шаралар қабылдап, өртті сол жерде өшіруі, кем дегенде оқшаулауы керек еді. Оны істемеген. Жағдайға салғырт қарады, біліктілік танытпады. Барлығы жазаланады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президентпен кездесуде алапат өрт салдарынан қаза тапқан Алексей Губаевтың жұбайы Татьяна Будюк Мемлекет басшысына қызмет барысында күйеуінің орманда жеке көлігімен неліктен болғаны туралы сұрақ қойды.

«Түсінемін, сіз күйеуіңізден, асыраушыңыздан айырылдыңыз. Бала қалды. Сондықтан көмектесемін деп айттым. Жағдай шынымен де күрделі. Мен бәрін түсінемін. Мен басқа планетада тұрмаймын ғой. Мен сіздермен біргемін» - деп жауап берді Тоқаев.

видео: ҚазАқпарат