Фото: ашық дереккөз
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі азаматтарды смартфон сатып алмас бұрын құрылғының IMEI кодын тексеруге шақырды, деп хабарлайды Ult.kz.
Ведомствоның мәліметінше, IMEI кодты алдын ала тексеру – өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етудің ең қарапайым әрі сенімді тәсілі. Бұл құрылғының заңды тіркелгенін және ешқандай шектеусіз жұмыс істейтініне көз жеткізуге мүмкіндік береді.
IMEI кодты тексеру жолдары:
-
Телефоннан *#06# теріп анықтауға болады;
-
Сондай-ақ код құрылғының қорабында немесе корпусының артқы бөлігінде жазылған;
-
Кодты imei.kz сайтында тексеруге болады.
Министрлік ескертеді:
IMEI кодты тексеру арқылы сіз
– тіркелмеген немесе ұрланған телефонды сатып алудан;
– байланыс желісіне қосылу мәселелерінен;
– қажетсіз қаржылық шығындардан қорғана аласыз.
