20 там, 2020 сағат 02:20

Министрлік алкоголь мен темекі сатып аларда куәлік ұсынуды міндеттейтін ережені өзгертті

Сауда министрлігі алкоголь мен темекі өнімін сатуға қатысты ішкі сауда ережелеріне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 тамызда Сауда және интеграция министрлігі «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгертті. 

Еске сала кетсек, ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 110-бабына сәйкес алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын, (қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасы) сатушы сатып алушыдан жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуді талап етуге, егер құжат ұсынылмаған жағдайда аталмыш тауарды сатудан бас тартуға құқылы.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа кодекс қабылданғаннан кейін алкоголь мен темекі өнімін сатып алу кезінде барлық сатып алушыға жеке басын куәландыратын құжаттын ұсыну қажеттілігіне байланысты азаматтардың шағымы жиілеп кеткен. 

«Кодекс бойынша барлық сатып алушы сатушы оның жасын анықтау үшін жеке басын куәландыратын құжатын ұсынуға міндетті. Егер құжатты тексергеннен кейін сатып алушының жасы 21 жастан асқан болса, тек осы жағдайда сатушы тауарды сатады», делінген хабарламада.

Алкоголь мен темекіні сатып алушының 21 жасқа толғанына сатушының күмәні болған жағдайда ғана жеке басын куәландыратын құжатты талап етеді.