ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасы бір айдың ішінде жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Орталық коммуникациялар қызметінде Pfizer вакцинасын Қазақстанға жеткізу мерзімі туралы сұралды.
«Pfizer вакцинасына қатысты күрделі логистика болғандықтан, қалалар бойынша бірнеше нүктелі орындар айқындалады. Осы орайда нақты мекежайларды, байланыс нөмірлерін хабарлаймыз. Нақты қандай вакциналау пунктері болатынын жариялаймыз», - деді Цой.
Сонымен қатар ол аталған екпені жеткізу мерзімін айтты.
«Бір айда жеткізіледі, яғни төртінші тоқсанға жоспарланған. Тоңазытқыштар жақын арада болады. Менің ойымша, қазан-қараша айларында жеткізіледі», - деді министр.
