14 қаз, 2020 сағат 10:50

Министр оқушыларды дәстүрлі білім беру режиміне көшіруге қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оқушыларды дәстүрлі білім беру режиміне көшіруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Орталық коммуникациялар қызметінде балаларды шамамен қай кезеңнен бастап мектепте оқыту форматына көшіру жоспарланып отырғандығы сұралды. 

«Қазіргі кезде осы мәселені қарастырып жатырмыз. Бір жағынан әр өңір бөлінісінде індетті анықтау бойынша жағдай бар... Бұл бағытта Білім министрлігімен бірлесе әзірленген тиісті қадамдар бар. Талқылаулар аясында осындай сыныптарда оқыту мүмкіндігі бар. Сондықтан екінші тоқсанда қай форматта оқыту шешімін пысықтап жатырмыз», - деді министр. 

Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният бірінші тоқсан аяқталған соң, яғни балалар каникулға барып келгеннен кейін елдегі жапғдайды ескере отырып, тиісті шешім қабылданатынын жеткізді. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, оқу жылы басталғалы оқушылар арасында КВИ жұқтырудың 184 жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сыныпта оқитын 73 балада коронавирус анықталды.