Дәурен Абаев мұнайдың бағасы 25 долларға түссе де, осы саладағы жұмыс орындарының сақталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақпарат және қоғамдық даму министрінің айтуынша, қазіргі кезде отандық мұнай-газ саласында 1 355 компания жұмыс істейді. Осы кәсіпорындарда 200 мыңнан астам адам еңбек етіп жүр.
"Тіпті, мұнай баррелінің құны 25 доллар болса, бұл компаниялар ағымдағы шығындарын жауып, қызметкерлерін жұмыспен толық қамтамасыз ете алады. Яғни, мемлекет табыс табуға емес, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр", - деді Абаев бүгінгі брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, тау-кен және өңдеу өндірісінде 700 мың адам жұмыс істейді.
"Үкімет 100 пайыз жұмыспен қамту және өндіріс көлемін сақтау бойынша қажетті шараларды жасауда", - деп атап көрсетті Абаев.