11 қаз, 2021 сағат 11:53

Министр коронавирусқа қатысты қазіргі жағдайға түсінік берді


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус бойынша ағымдағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға қол жеткізілді. Тәулігіне 2 мыңға дейін жағдай тіркеліп отыр. Бұл өз кезегінде инфекцияның таралуына әсер етіп, 1 тамыздан бері салыстырғанда репродуктивті көрсеткіш 1,2 есеге төмендеді», - деді А. Цой Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында 

Оның айтуынша, КВИ бойынша эпидахуалдың тұрақтануы ауруханаға жатқызу деңгейінің төмендеуін көрсетті. 

«Еліміз бойынша инфекциялық орындар 36 пайызға, реанимациялық орындар 33 пайызға жүктелген», - деді министр.